Облыстық әкімдіктің аппарат жиынында қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов таныстырылды.
Серікбай Халимұлы Қасмақасов 1959 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленино ауылында туған.
1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіріп, эпидемиолог мамандығын алып шыққан. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1987 жылы Мамлют аудандық эпидемиологиялық стансасында санитар дәрігері болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас дәрігерінің орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Тараз қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.